14
январь
2025
Алдамұратова Ұлбосын апай
14.01.2025 ж. күні "N7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 9 а сынып оқушылары, пән мұғалімі Алдамұратова Ұлбосын апай мен бірлесе отырып “ Аты әлемге мәшhүр жазушы, ұлт мақтанышы Ілияс Есенберлин-110 жаста”,” Халық жүрегіндегі қаламгер” тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ілияс Есенберлиннің туғанына биыл 110 жыл. Ол қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған қаламгер ретінде белгілі. Ілияс Есенберлин- қазақ әдебиетінде алғаш болып тарихи тақырыпқа қалам тербеп, оқырманды өткен күндердің белесіне самғата білген шебер жазушы. Оның шеберлігі де, даралығы да, ешкім бара бермейтін тарихи тақырыпқа білек сыбана батылдықпен баруында болса керек. Қазақ елінің тағдыры мен тарихи туралы келелі ой қозғаған Ілияс Есенберлин- қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға.
Мақсатымыз: Еліміздің болашағы жастардың жан- жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. І. Есенберлиннің тарихи шығармалары арқылы Отанын, туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.
Кітапханашы: Р. Рапишева.