2025 жыл - ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
январь
2025

2025 жыл - ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ





№7 Тұран мектеп- гимназия " коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
#кәсіптік бағдар беру 
2025жыл - ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», - деді президент. 
Қазақстанда жұмысшы санатына әртүрлі мамандықтар кіреді. Олардың қатарында:
✅Механиктер – автокөліктер мен машиналарды жөндейтін мамандар.
✅Электриктер – электр жүйелері мен құрылғыларын орнату және жөндеу.
✅Слесарлар – металл конструкцияларын өңдеу, жөндеу.
✅Дәнекерлеушілер – металл бөлшектерін дәнекерлеу.
✅Столярлар – ағаштан бұйымдар жасау.
✅Кондитерлер – тәтті өнімдер дайындау.
✅Медбикелер – медициналық көмек көрсету.
✅Тігіншілер – киім мен басқа текстиль бұйымдарын тігу және тағы басқа мамандықтар
      Тігіншілік өнер — адамның бойына шабыт беріп, көңілге шаттық  ұялатады. Адамды іскерлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Зеректік пен ептілікке тәрбиелейді. «Тігін өнеркәсібі – әлем экономикасында  үлесі мен салмағы жоғары кәсіптің бірі. Онымен айналысу бүгінгі замандағы ең табысты бизнестің бірі»
   Кез келген басқа мамандық сияқты, бұл мамандықтың да артықшылығы мен кемшілігі бар. Көз және омыртқа аурулары тігіншілерде жиі кездеседі. Артықшылығы – өзіңізді және бүкіл отбасы-ңызды киіммен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Сонымен қатар, оқу да аса қиын емес. 
Анық қол координациясы және нақты көре білу – тігіншінің маңызды қасиеттері. Бұл мамандықтың өкілі епті, ұқыпты, қажырлы, шыдамды болуы керек.
     Қазіргі уақытта тігіншілерге жұмыс табу оңай болғандықтан, әрбір қолөнер шебері өзіне ұнайтын нәрсені таңдай алады. Біреу ауқымды өндірісте жұмыс істеуді армандаса, енді біреу күнделікті жұмысты қолай көреді. Тағы бірі өз бетінше немесе біреумен бірге жұмыс істеу мүмкіндігі бар шағын ательені ұнатады. Ал біреу жеке кәсіпкер болып, бір бөлмеде тігін шеберханасын жабдықтап, үйде отырып жұмыс істегісі келеді.
Педагог - кәсіптік бағдар беруші: С. Кенжебекова