22
ноябрь
2024
"Мамандығым-болашағым" жобасы
![]() | ![]() |
Жетісай ауданы Білім Бөліміне қарасты "N 7 "Тұран"мектеп-гимназия" КММ-сінде "Мамандығым-болашағым" жобасы аясында мектебіміздің кәсіптік бағдар беру педагогы Кенжебекова Сауле 11 сыныпта бейіндік пәндері биология-география таңдаған оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Мақсаты: Оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру,таңдаған пәндері бойынша мамандықтар туралы мәлімет беру. Түсіндіру жұмыстарында оқушыларға таңдаған пәндері бойынша мамандықтар туралы мәліметтер,ЖОО- дарына түсу балы туралы,қандай оқу орындарында грант берілгендігі,оқу бітіргеннен соң қай салада қандай қызмет атқаратыны туралы мәліметтер берілді.Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып,өздеріне керекті мағлұматтар алып,ризашылықтарын білдірді.

