06
январь
2025
"Әлемдік білім апталығы" аясында
![]() | ![]() |
“N7 ”Тұран”мектеп-гимназия”коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаңа жылдың алғашқы күндері жағымды жаңалықпен басталды. “Бала- біздің болашағымыз”тақырыбында педагог-шебер,орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ,спикер Ұлжан Кеттешқызының басшылығымен кең ауқымды іс-шара өтті. Іс-шарада 9 спикердің баяндамаларын тыңдай отырып,қазіргі таңда альфа-ұрпақтарының тәрбиесінде ескеру керек көптеген психологиялық кеңестер берілді. Іс-шара барысында мектебіміздің педагог-психологі Дина Тургунбаева “Жақсы көңіл-күй-жан азығы” тақырыбында психологиялық тренинг өтті.Тренингке мектеп ұстаздары белсене атсалысты.
"Әлемдік білім апталығы" аясында әлемдік сарапшылар, психологтар мен ғалымдар бала болашағы мен жаңа мұғалім рөлі мәселесін көтерді. Бұл тақырып баяндама жасаушылардың сөздеріне негіз болды.
Спикерлер:
1. Алимкулова М.К. - "Егер мен әлемді өзгерте алсам..."
2. Алдамуратова У.М. - "Шәкірт жеңісі"
3. Алдабергенова Т.Ж. - “Бақытты ұстаз - табысты шәкірт”
4. Балтабай Р.К. - "Бақытты бала - болашақ кепілі"
5. Кудасова А.М. - “Бақытты бала- болашақ кепілі”
6. Раимбекова У.К. - "Альфа- ұрпақ: Альфа- балалармен қалай жұмыс жасау керек?"
7. Тургунбаева Д.Б. - тренинг “Жақсы көңіл-күй - жан азығы”
8. Турмуратова А.Н. - тренинг " Сіз керемет ұстазсыз!"
9. Уалханова М.Т. - М. Лабковский: "Ата-аналарға 5 кеңес"
Шебер- сынып барысында ұсынылған тапсырмалар апробациядан өткізілді.
Альфа- ұрпағының тәрбиесінде көптеген кеңестер берілді. Табысты жағдай жасау үшін пәнді оқыту принциптерін, оның берілуін өзгерту және ең бастысы, қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру қажет. Осы мақсатта шығармашылық топтар құрылды. Спикер әр топтың жұмыс жоспарын таныстырды.
И. Алтынсарин атындағы академия ұсынған әдіс ұсынылды: мұғалімдер арасындағы "горизонталды" және "вертикалды" өзара әрекеттесу секілді қызықты алгоритмдер ұсынылды. Мұғалімдер балалар үшін табысты жағдайлар жасау бойынша түрлі жұмыс формаларын ұсынатын диалог алаңы құрылды. Әр шығармашылық топта көшбасшы таңдалып, ол әріптестеріне бағыт-бағдар беретін болды.
Шебер- сынып соңында мектеп директоры Хадиша Нартайқызы мен инновациялар жөніндегі директор орынбасары Табиғат Маратұлы Саммитке қатысушыларға сертификаттар табыс етті. Саммит ұйымдастырушылары мен Nobel Fest атынан директорға халықаралық деңгейдегі іс-шараға мұғалімдерге қатысу мүмкіндігін бергені үшін "Алғыс хат" берілді.
2025 жылдың жаңа жылында мұғалімдер үшін жаңа міндеттер мен мақсаттар қойылды. Мектеп ұжымына шығармашылық табыстар, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде қажымас күш-жігер тілейміз!

