22
ноябрь
2024
МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ-ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ САММИТТІҢ ЕКІНШІ КҮНІНДЕ.
![]() | ![]() |
"Novel Fest" - әлемдік мұғалімдер Саммитінің екінші күні өте жоғары деңгейде өтілуде.Маған АҚШ -тан келген білім беру ісінің үздігі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кейшиа Торптың тікелей сахнада өткен сабағы ерекше ұнады.Сабақта оқушылар өздерін еркін ұстады және өте өзекті тақырып қозғалды.Оқушыларды жас кезінен әлемдік мәселелерге араластыру керектігін, әрбір сабақты өмірмен байланыстырып отыру керектігін алға тартты. "Әлемді өзгертсең, неден бастар едіңіз?Егер мен өзгертсем неден бастар едім?" деген әлемдік мәселені өте шебер қорғап шықты.Сабақ біздегі оқу форматына,әдіс - тәсілдеріне өте ұқсас болды. Сабақта топтық,жұптық жұмыстар,топ бойынша постер қорғау,топ ережесін сақтау,сергіту сәті секілді жұмыстар орын алады.
Сабақ соңында кері байланыс алынды.

