06
январь
2025
Жыл басындағы жаңалыққа толы бастама!
![]() | ![]() |
Бүгін мектебімізде "Бала- біздің болашағымыз" тақырыбындағы шебер сынып болып өтті.Бұл шебер сыныпта 2024 жылдың 20-23 қараша күндері Астана қаласында өтілген "Novel fest" әлемдік мұғалімдер Саммитіне қатысқан мұғалімдеріміз сол Саммит барысында алған әсерлерімен бөлісіп,әр түрлі тақырыптарда баяндамалар оқыды, топтық жұмыстар, тапсырмалар орындады,тренингтер,коучингтер өткізді.Шеберлік сыныпқа мектеп мұғалімдері белсене қатысып,өз ойларымен еркін бөлісті
Осы шеберлік сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабай Роза Құдайбергенқызы
"Бақытты бала- болашақтың кепілі" тақырыбында баяндама оқыды.Баяндамада
ресейлік психолог Анатолий Некрасовтың айтқан ой- пікірлерінің ерекше әсер еткенін тілге тиек етті және өз әріптестерімен тәжірибе алмасты.Баяндама мазмұнына тоқталып өтетін болсақ:
"Бала — қоғамның болашағы. Анатолий Некрасовтың пікірінше, бақытты бала — тек өз өмірінде ғана емес, бүкіл қоғамның дамуына әсер ететін тұлға. Бала бақыты оның тұлға ретінде қалыптасуына, психологиялық және әлеуметтік дамуына негіз болады. Осы орайда, бақытты баланың болашаққа деген көзқарасы мен өмірлік жетістіктері маңызды.
Бала үшін бақыт — қауіпсіздік, сүйіспеншілік, қамқорлық, өзін-өзі таныту. Егер осы қажеттіліктер орындалса, бала психологиялық тұрғыдан сау болып өседі, өзіне сенім артып, қоғамға оң әсерін тигізеді. Анатолий Некрасов бала психологиясын зерттей отырып, оның дамуына қоршаған орта мен тәрбие өте маңызды екендігін атап өткен.
Бақытты бала болашақта қоғамға пайдалы тұлға болады. Ол шығармашыл, жауапкершілігі жоғары, әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетті болады. Балаға дұрыс тәрбие беру арқылы біз болашақта табысты, жауапты және қоғамға пайдалы азаматтар тәрбиелей аламыз"
Осы баяндамадан соң "Ата - ананың балаға деген мейірімінің шексіз екендігін" дәлелдеу мақсатында керемет тәжірибе жүргізді.
Осындай шеберлік сыныптар жалғасын таба берсе екен. Ұстаздарымызға қажырлы қайрат,жұмыстарына шығармашылық табыстар тілейміз!

