КІШІ АЛАҢДА БОЛАШАҚ ФУТБОЛШЫЛАР ДОП ДОДАСЫНДА БАС ҚОСТЫ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КІШІ АЛАҢДА БОЛАШАҚ ФУТБОЛШЫЛАР ДОП ДОДАСЫНДА БАС ҚОСТЫ
06
январь
2025

КІШІ АЛАҢДА БОЛАШАҚ ФУТБОЛШЫЛАР ДОП ДОДАСЫНДА БАС ҚОСТЫ





❄️❄️❄️❄️ ҚЫСҚЫ ҒАЖАЙЫП ❄️❄️❄️❄️
💠 Жетісай ауданының білім бөлімі, Түркістан облысының білім басқармасының 2024 жылғы11 желтоқсандағы N25/7182 санды хатын негізінде , ағымдағы жылдың қысқы демалыс кезiнде білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін 10 күндік iс-шаралар жоспарына сәйкес, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Умаров  кіші алаңда болашақ футболшылар доп додасында бас қосты. Ойынның ережесін түсіндіріп, дене қыздыру жұмыстарын жасап командалық ойынға жалғады. 
Кіші футболдың негізгі ережелері:
1. Қатысушылар: Әр командада 5 адам (4 ойыншы + 1 қақпашы) болады. Егер алаң ашық болса, командаларда 7 адам болуы мүмкін.
2. Алаңның өлшемдері: Кіші футбол алаңы футбол алаңының стандартты өлшемдерінен кішірек, әдетте 25-42 метр ұзындықта және 16-25 метр енінде болады.
3. Ойын уақыты: Кіші футбол ойындары 2 таймнан тұрады. Әр таймның ұзақтығы 20-25 минут аралығында болады. Тайм арасында қысқа үзіліс беріледі.
4. Ойынның басталуы: Ойын орталықтан допты ойнаудан басталады. Егер алаң жабық болса, доп әрдайым алаңның ортасында болады.