04
январь
2025
Мемлекет басшысымен болған келелі сұхбат
![]() |
2025 жылдың 3 қаңтарында «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың " Мақсатым- экономиканы және егемендікті нығайту" тақырыбындағы кең көлемді сұхбаты жарияланды.
Сұхбат барысында Президент еліміздің ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды оқиғаларға тоқталып, 2024 жылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуды қорытындылады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындады.
Мынандай негізгі тақырыптарды қарастырып өтті.1)Инфрақұрылымдық даму бойынша .Ел бойынша тозығы жеткен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 7 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделді. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында жаңа жолаушылар терминалы іске қосылды.
2)Әлеуметтік қолдау бойынша .«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында төлемдер беріле бастады, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысы көбейді.
3)Білім беру және ғылым саласы бойынша. Еліміздің түкпір-түкпірінде жүздеген жаңа мектеп, балабақша және дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары салынды. Шетелдің оннан астам беделді жоғары оқу орнының бөлімшесі ашылды, ғылымды қаржыландыру көлемі артты.
4)Заң мен тәртіп . Президент «Заң мен тәртіп» қағидасының мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты екенін атап өтті. Бұл қағида құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады және Әділетті Қазақстанды құру үшін маңызды рөл атқарады.
5)Парламент сайлауы. Президент Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге еш негіз жоқ екенін мәлімдеді.
6)Ұйымдасқан қылмыспен күрес. Президент ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті ерекше бақылауда ұстап отырғанын айтты.
7)Қаңтар оқиғасына байланысты. Президент Қаңтардағы оқиғадан бәріміз зор сабақ алғанымызды атап өтті.
8)Экология бағыты бойынша. Президент «Таза Қазақстан» акциясын идеологиялық платформа деп санайтынын білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың бұл сұхбаты арқылы еліміздің өсіп- өркендеуіне,гүлденуіне,жан- жақты дамуына зор мүмкіндіктер жасалатыны айқын көрініс тапқаны байқалды.
Қазақ тілі мен әлебиеті пәні мұғалімі: Балтабай Роза
