"Қыз-ұлт болашағы" тақырыбы » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
март
2024

"Қыз-ұлт болашағы" тақырыбы


"№7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі музыка апталығында "Қыз-ұлт болашағы" тақырыбында 7-8-9 сынып қыздарымен сыр сұхбат болып өтті Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелей отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші болуға баулу мақсатында қыздармен осы тақырыпта жылы жүздесу болды.Қыздар түрлі сұрақтарға жауап беріп,алдағы келе жатқан 8-наурыз Аналар мерекесіне арнап өлең шумақтарын тарту етті. Және сұхбат соңы қызықты ойындармен жалғасын тауып,қыздар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Ұйымдастырушылар:музыка пәні мұғалімі:Г.Туренова  аға тәлімгер:А.Тұрмұратова және Қббп-ры.