Құрметті ата-аналар санаулы күндерден кейін жаңа 2025 жылға аяқ басамыз. Бұл мерекені, әсіресе, балалар асыға күтеді. Осы орайда, Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты "№7 "Тұран" мектеп-гимназия" әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы жаңа жылдық мерекелік іс-шараны өткізу кезінде, төмендегі жағдайларды ескертеді:
Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жаңа жылдық мерекелік іс-шараны өткізу кезінде аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады.
Педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп басшылары мен педагогтерге кез келген түрдегі сыйлықтар беру үшін, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.
Ақша жинау немесе басқа заттар талап етілген жағдайда мектепте орналасқан сенім жәшігіне және сенім телефоны арқылы мектеп басшысына хабар беруге болады.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға алуларыңызды өтінеміз.
Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы - міндет және ұстаз үшін оқушылардың оқу барысында жақсы нәтиже көрсетіп, жетістікке жетуінің өзі - үлкен СЫЙЛЫҚ!
Құрметпен, Жетісай қаласы. "№7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Кожбанова Хадиша.