Ата-аналар назарына‼️ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2023

Ата-аналар назарына‼️

🔸️Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. 
🔸️Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар. 
🔸️Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жүргзіледі. 
🔸️ Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады. 
🔸️Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс  құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ. 
🔸️Ата-аналар электронды форматта
1. өтініш
2. туу туралы куәлік көшірмесі
3.баланың денсаулығы паспорты
4.денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысанындағы анықтама 
5. 2 фотосурет тапсырады.