20
декабрь
2024
"Сөздің көркі-мақал" тақырыбында
![]() | ![]() |
"N7 "Тұран" мектеп- гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20 желтоқсан күні "Сөздің көркі-мақал" тақырыбындағы қазақ мақал-мәтелдерін мәнерлеп,жатқа айтудан 7-8 сыныптар арасында ұйымдастырылған тоқсандық сайыстың 3- кезеңі болып өтті.Сайысқа 2- кезеңнің жеңімпаздары белсене қатысты.Олар өздеріне берілген тақырыптарда жұп болып сайысқа түсті.Тоқсандық сайыс қорытындысы бойынша 1- орынды 7 "Ә" сынып оқушысы Сулейман Айару ,2- орынды 7"А"сынып оқушысы Камал Марлен,3-орынды 8 "Б" сынып оқушысы Әли Маржан иеленді.Ал қалған белсене қатысқан оқушылар арнайы "Мақтау қағаздарымен" марапатталды.
Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!Мақал -мәтелдердің мән- мағынасын тереңінен түсінетін оқушыларымыз көп болсын!
Ұйымдастырушылар:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабай Роза.
Мектеп кітапханашысы Рапишева Райхан.

