18
декабрь
2024
"Тілдерді оқыту мен дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай
![]() |
18.12 2024ж.күні Жетісай аудандық "Тілдерді оқыту мен дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай жастарға мерекенің маңыздылығын түсіндіру, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,патриоттық сезімге баулып,сахналық мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Тәуелсіздік тұғыры - ана тілім!" атты аудандық байқауы болып өтті.Байқау 2 кезеңнен тұрады.1-кезең:тіл туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқу,2-кезең:көрініс құру.Байқауға 10 "В" сынып оқушысы Исмаил Нұрила Дилдаханқызы қатысып,белсенді қатысқаны үшін "Диплом "мен,жетекшісі З.Асқарова "Алғыс хат"пен марапатталды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры - ана тілімізді жыр еткен жастарымыз көп болып,Тәуелсіздігіміз мәңгілік жасасын!..
