11
декабрь
2024
«Желтоқсан жаңғырығы-жадымызда» атты дөңгелек үстел болып өтті.
№7 «Тұран мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында, тәуелсіздік күніне орай 6 «А», 7 «В» сынып оқушыларымен пән мұғалімі Г.Әмзеева апайымызбен бірлесе отырып «Желтоқсан жаңғырығы-жадымызда» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсатымыз оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын ойлаған ерлерді үлгі тұту,өнеге алуға және халқының тарихын білуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі жасалды.
Кітапханаға келіңіздер кітап сүйер қауым.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітап әлемінде бізбен бірге болыңыздар.
Мектеп кітапханашысы Гүлмира Серікбаева