30
январь
2024
"ХАКІМ АБАЙ ІЗІМЕН..."
"№7 "Тұран" МГ " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18.01.2024 ж. күні " Хакім Абай ізімен...." онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А. Жусипназарова мен З. Асқарованың ұйымдастыруымен "Абай мұрасы-халық қазынасы" тақырыбында 10-11-сынып білім алушылары арасында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Абайдың мұраларын оқып білу, кейінгі ұрпаққа дәріптеу.
Дөңгелек үстелді қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З. Асқарова "Мен кіммін?" деген психологиялық тренингпен бастады. Мұнда білім алушылар Абай мұраларын талқылады және әңгіме, сұхбат, сұрақ-жауап түрінде өткізді. Сонымен бірге 11-сынып оқушысы З. Ұлыхан мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Жусипназарова президентіміз Қ. К Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" мақаласындағы 10 өзекті ойға тоқталып өтті.
Дөңгелек үстелге мектебіміздің кітапханашылары Г. Серікбаева мен Р. Рапишева шақырылды. Олар мектеп кітапханасындағы Абай мұрасымен білім алушыларды таныстырды.
Дөңгелек үстелде білім алушылар Абайдың мұралары—қара сөздері, өлеңдері, поэмалары, аудармалары жайлы айта келе, Абайдың әндерін орындады. Абай туралы жазылған М. Әвезовтың ғасырлық туындысы "Абай жолы" роман-эпопеясын талқылады.
Дөңгелек үстелді "Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын" атты тренингпен аяқтады.