13
декабрь
2024
"Тәуелсіздік-тұғырың"атты ашық тәрбие сағатын өтті.
![]() | ![]() |
13.12.2024ж.күні 6 "Б" сыныбында сынып жетекші З.Асқарова "Тәуелсіздік-тұғырың"атты ашық тәрбие сағатын өтті. Ашық тәрбие сағатын ҚР-ның мемлекеттік Әнұранымен бастады.Оқушылар Тәуелсіздік мерекесіне арнап өлеңдер жатқа оқыды."Туған өлкем"әнін С.Худайкул,"Жаса,Қазақстаным" әнін Б.Маратқызы өте керемет орындады.Қыздар тобы "Қамажай"және "Шашу" биін нақышына келтіріп биледі."Атамекен","Көк Тудың желбірегені" әндерін хормен орындады.Ашық тәрбие сағаты соңында қонаққа келген ата-аналар мен ұстаздар қорытынды сөз сөйлеп, "Тәуелсіздік күні"мерекесімен құттықтай отырып,білім алушыларға шығармашылық табыс пен қажымас қайрат тілей отырып,Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуын айтты.

