11
декабрь
2024
"KitapХАН@" кітап оқу сайысы
![]() | ![]() |
11.12.2024 ж. күні "N7"Тұран" мектеп-гимназия "коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Аскарова мен мектеп кітапханшысы Р.Рапишеваның ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары арасында "KitapХАН@" кітап оқу сайысының 2-кезеңі болып өтті. 2-кезеңге өткен оқушылар өздері оқып,дайындалып келген кітаптарын қойылған талаптар бойынша баяндап берді. Оқыған кітаптарына слайд жасап түсіндірген оқырмандар да болды.Сайыс нәтижесінде өте жақсы қатысқан оқушылар марапатталды. Атап айтқанда, "Бас жүлде "ні 10"В"сынып оқушысы Оразходжа Гулназ, 1-орынды 10"В"сынып оқушысы Курбанов Бексапар,2-орынды 10"Б"сынып оқушысы Ильяс Сұлушаш, 3-орынды 10"В" сынып оқушысы Жақсылық Нурислам мен 10"Б"сынып оқушысы Кодирова Лауралар иеленді. Бұл сайыс оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын оятып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз.
"Кітап-алтын қазына" демекші, кітап оқып, білімін шыңдап,рухани азық алатын оқырмандарымыз көп болсын!

