11 сынып оқушыларымен мектепішілік сынама тесттердің нәтижесін талдау және алдағы уақытта ақпан айында болатын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бар » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11 сынып оқушыларымен мектепішілік сынама тесттердің нәтижесін талдау және алдағы уақытта ақпан айында болатын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бар
09
декабрь
2024

11 сынып оқушыларымен мектепішілік сынама тесттердің нәтижесін талдау және алдағы уақытта ақпан айында болатын ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық бар





Директордың 9-11 сыныптар бойынша оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары м.у.а: Б.Исабеков 11 сынып оқушылармен жиналыс өткізді. Жиынға кәсіби бағдар маманы С.Кенжебекова, сынып жетекшілер мен бітіруші сыныптың оқушылары қатысты. Жиналыстың  мақсаты 11 сынып оқушыларымен мектепішілік сынама тесттердің нәтижесін талдау және ақпан айында болатын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы. Жиын барысында Б.Исабеков сөз алып, сынама тесттерден жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген оқушыларды айтып, алға тартып, осы қалыптарынан таймауын, әрдайым дайындық үстінде жүру керектігін ұғындырды. Сонымен қатар нәтижесі төмен болып жатқан оқушыларға да тоқталып, оларға қатемен жұмысты көбірек жасау керектігін, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білу керектігі жайлы кеңес берді. Жиын соңында оқушыларға Ақпан айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге сақадай сай болу керек екенін, мүмкіндігінше оқушылардың барлығы толық қатысу керектігі жайлы ойымен бөлісіп, жиынды қорытындылады.