08
ноябрь
2024
“Біз Біргеміз” Өнер Фестивалі
![]() | ![]() |
"Игі істер марафоны" жобасы негізінде Жетісай ауданының мәдениет үйінде
Жетісай ауданының білім бөлімінің, арнайы мамандарының әдіскері: А. Бердибекованың,
ұйымдастыруымен мектептің арнайы педагогтарымен бірге «Біз біргеміз»
тақырыбында ЕББҚ окушылармен қорытындылау өнер
фестивалі өткізілді.Фестивальға №7 " Тұран" МГ" КММ-сінің атынан жеке үйде оқытылатын оқушымыз ата- анасымен бірге көрермен ретінде қатысты.Фестивальде түрлі мектептерден келген ерекше дарынды оқушылар өнер көрсетіп, олардың шығармашылығының деңгейі мен көпшілікке жеткізген эмоциялары өте жоғары болды. Бұл іс-шараның мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың да қоғамда толыққанды өмір сүруі мен шығармашылық қабілеттерін көрсетуіне жағдай жасау болатын.«Игі істер марафоны» жобасы аясында Жетісай ауданының мәдениет үйінде өткен «Біз біргеміз» тақырыбындағы өнер фестивалі біз үшін ерекше әсер қалдырды.
жетекшісі:арнайы педагог Айдарқұл Ұ

