03
октябрь
2024
ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА.
![]() |
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай Құнанбаев бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз. Ұстаздар күні қарсаңында мектебіміздің басшысы, көшбасшы басшы санатты ұлағатты ұстазымыз Хадиша Нартайқызын Жетісай ауданы Amanat партиясы атынан Алғыс Хатпен марапаттады. Мереке құтты болсын.
