КӨШБАСШЫ БАСШЫ-ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕГІ БЕДЕЛДІ ТҰЛҒА. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КӨШБАСШЫ БАСШЫ-ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕГІ БЕДЕЛДІ ТҰЛҒА.
20
сентябрь
2024

КӨШБАСШЫ БАСШЫ-ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕГІ БЕДЕЛДІ ТҰЛҒА.



 
Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғырту кезеңінде мектепті басқарудың жаңа тәсілдерін іздеу табыстылықтың көзі. Бүгінгі таңда мектепті басқару үдерісін оның дамуы тұрғысынан қарастырған жөн, өйткені жан-жақты дамыған тұлғаны тек дамып келе жатқан мектеп жағдайында қалыптастыруға болады.
           Әлемде болып жатқан технологиялық өзгерістер жалпы білім берудегі, атап айтқанда мектептегі өзгерістерге орасан зор әсер етуде.Демек, білім беру жүйесінде де өзгерістер қажет екеніне тағы бір рет көз жеткіземіз.  Ал өзгерісті нағыз көшбасшы-басшы ғана жасай алады.
         Ағылшын білім беру профессоры Джон Весборнның айтуынша, көшбасшылық – бұл өзгеріс. "Көшбасшы" ұғымының көптеген анықтамалары бар. Бірақ бір нәрсе түсінікті – өзгеріс енгізу үшін көшбасшы болу керек. Әлем өзгеруде, біз одан кейін өзгеруіміз керек. Көшбасшы тек алға жылжып қана қоймайды, ол өзгереді – өзгертеді. Осындай ұжымына басшылық еткен жылдарында өзгеріс енгізген «№7 «Тұран» мектеп-гимназия» кмм директоры К.Х.Нартайқызының әріптестерімен жыл басынан атқарған салалы жетістіктеріне тоқталғым келіп отыр.
     - Жыл басында мектебімізде өткен Республикалық «Педагогикалық шерулер» тақырыбындағы семинар өте жоғары деңгейде өтті.
     -Түркістан облысы мектеп директорларының арасында «INTELLEKTUM DD2» директорлар дебаты облыстық турнирінің Супер финал ойындарында топ арасынан үздік шығып І орын иеленгені үшін "N7 " Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Кожбанова Хадиша Нартайқызы және N49 "Сырдария" жалпы білім беретін мектеп директоры Еринбетова Гулжазира Налжигитовна марапатталды.
- Жетісай қаласы әкімі Н.Бахтияровтың ұйымдастыруымен өткен жыл үздіктерін анықтау мақсатында ұйымдастырған іс-шарасында «№7 «Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жылдың «Ең үздік мектебі» номинациясын жеңіп алды.
-Жетісай ауданы білім бөлімі және кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен өткен жыл үздіктерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада 2023 жылдың «Ең үздік мектеп-2023» номинациясын жеңіп алды.
- Зерде ғылыми жобалар сайысы бойынша, Орыс тілі Касмурзаева Г. оқушысы Арон мен Жансезім ауданнан І орын облысқа жолдама. География пәні мұғалімі Надиров Н. оқушысы Дияс пен Алжан  ауданнан           І орын облысқа жолдама. Химия пәні мұғалімі Тулентаев А.оқушысы Асылжан  ауданнан    І орын облысқа жолдама. Математика пәні бойынша Құдасова А.Оқушысы Кәусар  ауданнан І орын облысқа жолдама. Информатика пәні бойынша Ермек Б. оқушысы  Нурислам ауданнан    І орын  облысқа жолдама.Бастауыш мұғалімі Касымбекова А апай оқушысы Динара  ауданнан     І орын облысқа жолдама. Биология пәні мұғалімі Аралбаев Т. Оқушысы Аяна  ауданнан                І орын облысқа жолдама. 
    Ал «Зерде» ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңінде химия бағыты бойынша Жарылқасын Асылжан облыстан І орын иеленіп, Республикаға жолдама алды . Экология бағыты бойынша Зайт Дияс пен Алжан Аян облыстан І орын иеленді. Республикалық кезеңде Жарылқасын Асылжан Республикадан          І орын иеленіп мерейімізді үстем етті.
     Жетісай ауданы Ішкі саясат және тілдерді дамыту орталығы және Жетісай ауданы Жастар орталығы ұйымдастыруымен өткен «Жыл көшбасшылары-2023» байқауында география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтан Сабырович «Үздік жас ғалым» номинациясын жеңіп алды.
     Түркістан облысы білім басқармасы, Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «The modern teasher Tturkistan-2023» байқауында өз іс-тәжірибесін облыс көлемінде таратқаны үшін директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары      Т. Аралбаев Алғыс Хатпен марапатталды.
     Педагогикалық дуэт сайысынан Аралбаев Табиғат пен Тулентаев Алғабас ауданнан І орын иеленіп, облысқа жолдама алды. Облыстан да оқ бойы оза шауып Бас жүлде иеленді. Республикалық кезеңге жолдама алды. 
     Proэко сайысынан аудандық кезеңінен Жарылқасын Асылжан, Зайт Дият, Алжан Аян бірінші орын иеленіп облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңнен де сүрінбей бажүлде иеленіп республикалық кезеңге жолдама алып Астана қаласында өткен жарыста үш оқушымызда ІІІ орын иеленіп өз қатарластарынан оқ бойы озып дара шапты.
        Облыстық тамыз кеңесінде мектебіміздің үздік педагог-шебер ұстазы Раймбекова Улжан Кеттешқызы  Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. Қазақстанның ең үздік 50мұғалімі қатарына енді. 
        Ұлжан Кеттешқызының тағы бір жеңісі Қазақстан педагогтері арасында ұйымдастырылған жыл мұғалімі сайысында Қазақстан бойынша ең мықты-50 мұғалімнің қатарына еніп соның ішінде үздік он бестіктің құрамында болды.
      Республикалық педагогикалық шеберлік орталының ұйымдастыруымен өткен "Жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің ІІІ Халықаралық форумына Түркістан облысы Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты   "N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Аралбаев Табиғат Маратұлы қатысты.   
       Мектептегі инновацияларды басқаруға тоқталсақ, Көшбасшы – басшы үшін  мектептің көзқарасы, имиджі, оның даму болашағы болуы маңызды және өзіңіздің және педагогикалық ұжымның барлық жұмысын біртұтас ұжым ретінде осы мақсатқа жетуге бағындыруында. Мақсатқа жетуге көмектесетін бүкіл ұжымға ортақ бір көзқарас. Көшбасшы - басшының міндеті - ұжымға осы мақсатқа жету дағдыларын беру, оларды ынталандыру. Х.Нартайқызының басшылығымен мектебімізде, жоғарыда айтылған мәселе бойынша да келелі істер атқарылуда. Қорытындылай келе ойымды ұжым басшысының сөзімен аяқтасам:
   «Басшы - ұжымдағы сенімнің қамқоршысы.  Сенетін адамдар не істеу керектігін білуі және өз істеріне жауапкершілікпен қарауы, жауапкершілікке ие болуы керек. Көшбасшы ретінде көшбасшы өзгерістерді жүзеге асыруда басқаларға сене алады және сенуі керек. Қазіргі мектеп – бұл ашық ұйымдастырушылық жүйе. Кез келген жүйе сияқты, мектеп тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ашықтық, қоғаммен байланыс, өзін-өзі дамыту қабілеті сияқты қасиеттермен сипатталады. Осы ерекшеліктерді ескеру тиімді басқарудың маңызды шарты болып табылады. Егер мен көшбасшы ретінде үнемі білім алып отырсам, әріптестерімнің білімін қадағалап отырсам, әріптестеріммен диалог жүргізсем, жақсы жаққа өзгерістер болатынына сенімдімін!» 
Хадиша Нартайқызы.