ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-МАМАН МАҚТАНЫШЫ" ІС-ШАРАСЫНДА. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-МАМАН МАҚТАНЫШЫ" ІС-ШАРАСЫНДА.
01
июнь
2024

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-МАМАН МАҚТАНЫШЫ" ІС-ШАРАСЫНДА.





2023-2024 оқу жылында мәртебелі мектебіміз "N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздары мен шәкірттері үшін толағай табыстар мен жеңістерге толы жыл болды. 31.05.2024ж күні мектебімізде "Үздік педагог-маман мақтанышы" атты жыл үздіктерін марапаттауға арналған іс-шара өтілді. Іс-шара мектеп мұғалімдері мен ардагер ұстаздарымыз толық қатысты. Іс-шараны мектебіміздің директоры Х.Кожбанова салтанатты түрде ашып берді. Өз сөзінде: Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. «Бүгін біздің мектебіміз үшін айрықша мереке, ерекше мейрам. Өйткені балаларымыздың, жарқын болашағымыздың, бір сөз­бен айтқанда, тұтас Қазақ­станның тағдырына жауапты жандардың еңбегі еленетін күн. Білім саласында қызмет етіп, ертеңгі елдің саналы ұрпа­ғын тәрбиелеп жүрген әрбір педа­гогке халықтың айтар алғысы ұшан-теңіз. Сіздер ұлы қызметтің тұтқасын ұстаған, маңызды мамандыққа маңдай тер төгіп жүрген жансыздар. Елдің ертеңі үшін енгізіліп жат­­қан түрлі бағдарламаларды именбей игеріп, жатсынбай жас ұрпақтың санасына сіңіруде сіздердің үлестеріңіз мол. Ал­дағы күндеріңізге сәттілік пен қайрат тілеймін деп 2023-2024оқу жылында жетістікке жеткен мұғалімдерді демеушілердің көмегімен марапаттады. Жыл қорытындысы бойынша 30мұғалім жыл үздіктерінің қатарына енді. Ең үздік деп танылған екі мұғаліміміз география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтан Манкент шипажайына 10күндік жолдаманы жеңіп алса, химия пәні мұғалімі  Тулентаев Алғабас Дубай қаласына жолдама алды. Ардагер ұстазымыз Бектурганова Халия апайымыз өз тілектерін білдіріп, ұжымға шығармашылық табыс тіледі. Мектебіміздің директоры Хадиша Нартайқызы мектеп ұстаздарын келер жылыда бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді және демеушілерге алғыс білдірді.
Тәуелсіз  Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Ұстаз һәм мұғалім туралы олардың алдынан өткен тұғырлы тұлғалардың түйдекті ой қалдырғандары көп. Соның ішінде тіл ғылымың атасы, атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген екен деп ұстаздарымыз тілек білдіріп іс-шарамыз аяқталды.
Тұран МГ алға!!!
Оқу.
Ізденіс.
Зерттеу.
Шығармашылық талпыныс!
Қолдау.
Нәтиже.