Облыстық тәжірибелік семинар » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
май
2024

Облыстық тәжірибелік семинар




Түркістан облысы білім беруді дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың мамыр айының 27 жұлдызында Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Аманкелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп базасында “Жаратылыстану-математика цикл пәндерінен олимпиадаға дайындаудың нәтижеге бағытталған әдістемесі” тақырыбында математика, химия, биология пәндерінен Жетісай ауданының әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарға  110 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты:
1. Оқушылардың жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;
2. Оқушылардың интелектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру.
“Жаратылыстану-математика цикл пәндерінен олимпиадаға дайындаудың нәтижеге бағытталған әдістемесі” тақырыбында облыстық семинарда ауданымыздағы тәжірибесі мол педагогтарымыз шебер сыныптармен коучингтер өткізді. Семинар үш секция бойынша өткізілді. Бірінші бөлімде практикалық фокус сабақтар «Зертханалар топтамасы» қызықты химиялық тәжірибелер мен демонстрациялар көрсетілді.
Математика секциясы бойынша:
1. Әбілда Жәудір Маратқызы, Әмірхан Сағадат Мақұлбекұлы -Аманкелді атындағы №19 ЖББМ математика пәнінің мұғалімдері “ Математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс – тәсілдер”.
2. Сахиева Кульжан Бекпатшаевна -Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі,Алиманов Олжас Ретбаевич -Жетісай мамандандырылған “Дарын” мектеп - интернатының математика пән мұғалімі “ Олимпиада есептері және оны шешу жолдары ”
3. Абдіқадыров Бағдаулет Көшербайұлы- М.Маңғытаев атындағы №43 ЖББМ-нің математика пәнінің мұғалімі “ Геометриялық есептерді шешудің кейбір тәсілдер ”
4. Калыбаева Гулнара Абдигаппаровна  -Д.Қонаев атындағы №9 ІТ МЛ математика пәнінің мұғалімі, Алимбетова Айгуль Тасқызы-Жетісай ауданының білім бөлімінің әдіскері “ Математикадан олимпиадалық есептерді шығару жолдары ”
Химия, биология секциясы бойынша:
5. Жаркинбаева Гульзира Тынысбековна – Ә.Жангелдин атындағы №27 ЖББМ-нің химия пәні мұғалімі “Олимпиадаға дайындауда оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту тәсілдері”.
6. Манапбек Сүндетқали Серікұлы-Аманкелді атындағы №19 ЖББМ-нің химия пәні мұғалімі   “ Оқушыларды жаратылыстану пәндері бойынша пәндік олимпиадаға дайындаудың ерекшеліктері”.
7. Муталиева Майра Асилбековна-Аманкелді атындағы №19 ЖББМ-нің биология пәнінің мұғалімі  “ Жаратылыстану пәндерін оқытуда инновациялық әдістерді қолдану  арқылы оқушының ойлау дағдысын дамыту ”       
8. Шынтаева Гулмира Каскарбековна-Н. Оңдасынов атындағы №14 ЖББМ биология пәнінің мұғалімі “ Дарынды балаларға- талантты ұстаз ”  
9. Аралбаев Табиғат Маратұлы-№7 «Тұран» мектеп гимназиясы биология пәнінің мұғалімі   “ BIOLIFE ” интеллектуалды сайыс 
10. Тулентаев Алғабас Нұралаууғли -№7 «Тұран» мектеп гимназиясы химия пәнінің мұғалімі, Торыбаев Галымжан Кондыбаевич М.Горький атындағы №1 мектеп гимназиясының химия пәнінің мұғалімі   “ Оқушыларды білімге баулуда жасанды интеллект заман талабы ”  
11. Орманбекова Манат Сансызбаевна-Ю. Гагарин атындағы №3 ЖББМ  биология пәнінің мұғалімі “ Биология пәнінен олимпиадаға дайындау барысында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары ”
12. Бердишева Улжалгас Тогаевна- Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп -гимназиясы биология пәнінің мұғалімі “ Биология пәнінен олимпиадаға дайындау барысында биологиялық есептерді шығару жолдары ”
13. Спарханова Нуржамал Алшынбековна-І.Есенберлин атындағы №54 ЖББМ химия пәнінің мұғалімі, Мустафаева Гулсара Абдусаттаровна Ш.Уалиханов атындағы №2 ЖББМ химия пәнінің мұғалімі “ Авторлық бағдарлама жазу талаптары”
14. Құлжанов Ерсұлтан Сақыбайұлы Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп -гимназиясының химия пәнінің мұғалімі, Садирова Венера Сарыбаевна №40 «Ынтымақ» ЖББМ химия пәнінің мұғалімі “Олимпиада есептерін шығару жолдарының тиімділігі”
15. Жазыкбаева Айша Аягановна - М.Горький атындағы №1 мектеп -гимназиясының биология пәнінің мұғалімі “Биология пәнінен  олимпиадаға дайындауда  оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары”
 Семинарға қатысқан педагогтар әрбір өтілген шебер - сабақтар жоғары деңгейде өтілгендігін және  қоржындарына құнды дүниелер алғандығын айтып өтті.  Семинардың жоғарғы деңгейде өтуіне үлес қосқан Амангелді атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп ұжымына және Жетісай ауданының білім бөлімінің кәсіподақ комитетіне алғысымызды білдіреміз!