МЕКТЕБІМІЗДЕ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КҮНДЕР АЯСЫНДА ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ ӨТІЛУДЕ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕБІМІЗДЕ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КҮНДЕР АЯСЫНДА ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ ӨТІЛУДЕ
05
апрель
2024

МЕКТЕБІМІЗДЕ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КҮНДЕР АЯСЫНДА ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ ӨТІЛУДЕ





Түркістан облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес 2024 жылы  4-5 сәуір күндері Жетісай ауданының  білім беру ұйымдарында "Мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру және кәсіби педагогикалық шеберлігін жетілдіру" тақырыбында әдістемелік күн өткізілуде. Әдістемелік күнге әдіскерлер, мектеп басшылары, директордың оқу ісі орынбасарлары, жаһандық құзіреттілік курсы педагогтары, информатика пәнінің мұғалімдері қатысуда. Түркістан облысының білім басқармасының "Білім беруді дамыту орталығы" директоры Б.Төлімбет бекіткен әдістемелік күннің жұмыс жоспарына сәйкес жауаптылар Айкөзова Динара, Нұрманқызы Арайлым, Мавленов Нұрғазы, Алтынбеков Роман,  Саипов Дінмұхаммед әдістемелік көмек беруде. Әдістемелік күннің алғашқы жұмысы №7"Тұран"  мектеп-гимназиясында басталды. 5 А сынып оқушыларымен Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Аденова Зауреш апай және 10Ә сыныбымен Тарих пәні мұғалімі Наханова Гулмира сабақтар өтті.  Жетісай ауданындағы әдістемелік күннің ұйымдастырылуына білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Исаева Разия Орынбасарқызы жетекшілік жасады.