18
февраль
2024
КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА-35ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ІС-ШАРАЛАР МЕН ТАНЫМДЫҚ САБАҚТАРҒА ТОЛЫ БОЛҒАН АПТАНЫҢ АПТА АЙШЫҚТАРЫ
![]() | ![]() |
1. МАД”А” тобында тәрбиешісі Акылбаева Ұлжібек апайдың ұйымдастыруымен “1001 мақал, 101 жұмбақ”тақырыбында сабақтан тыс тәрбиелік мәні зор іс- шара өтілді. Балалар тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болған мақал-мәтел және жұмбақтар жайлы мол білім игерді.
2.14.02.2024ж қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі Джиренбаева Жұлдыз бірлестік мүшелерімен кезектен тыс бірлестік отырысын өткізді. Онда ҚР Оқу- ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының білім алушыларды “Қазақ тілі”, “Қазақ тілі мен әдебиеті” пәндерінен 5-8, 10- сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсынымымен таныстырды.
Сонымен қоса, бірлестік мүшелерімен 5-8, 10- сыныптарда өтетін аралық аттестаттау жұмыстары талқыланды.
3."№7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14.02.2024 жылы Түркістан облысының білім басқармасының " №3 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен " Жалпы білім беру ұйымдарындағы ППҚ мамандарының ПМПК қорытындыларын іске асыру жұмыстары" тақырыбында ауданның арнайы педагогтарына, педагог-логопедтеріне және педагог-ассистенттерге семинар өткізді. Семинар барысында ПМПК басшысы Молдабекова Дина ЕББҚ балалар туралы толық мәлімет берді. ПМПК-ның арнайы педагогы Шернияз Айгүл арнайы педагогтарды ЕББҚ ететін оқушылардың оқу бағдарламасын түсіндіріп өтті. ПМПК-ның логопед маманы Қосмамбетова Роза педагог-логопедтерге арналған құжаттар туралы түсіндірді. Ал педагог-ассистенттерге ПМПК-ның дефектолог маманы Оспанова Айнұр түсіндірме жұмысын жүргізді. Семинар соңында ПМПК мамандары арнайы педагогтармен кері байланыс жасап, толық түсіндерме жұмыстары жүргізілді.
4. МАД “А”тобында шығармашылық бағыты бойынша “Сиқырлы су” әдісін басшылыққа ала отырып, ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында сабақ өтілді, Балаларға әдіс арқылы сабақ үлкен әсер қалдырды, білімдері артты. Тәрбиеші:Акылбаева Ұлжібек
5. МАД”А” тобында коммуникация, таным,шығармашылық дағдысы бойынша “Шар ойыны” әдісін пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерімен физикалық тұрғыдан дамыту мақсатында тәрбиеші Акылбаева Ұлжібек апайдың ұйымдастыруымен сабақ өтілді.
6."N7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапхансында 15.02.24 ж күні, 7 ә сынып оқушылары мен пән мұғалімі Оспанова Бейсенкүл апай мен бірлесе отырып Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай танымдық сағат өткізілді.
-өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар,
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар- деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес. Тәуелсіздік жолында күрескен аға- апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа Отанын сүюге тәрбиелеу.
Кітапханашы: Р. Рапишева.
7.“N7”Тұран” мектеп-гимназия” КММ Ауған соғысының аяқталуына 35 жыл толуына орай, 9,10-сынып оқушылары Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге ауданымыздың ардагерлері Жасұзақов Байзақ, Мусырманкулов Батырбек ағаларымыз келді. Оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, сүбелі мәліметтермен қанығып, пікір алмасты. 10”Ә”сынып оқушылары патриоттық ән шырқап ардагерлер көңілін көтеріп тастады. Алғашқы әскери дайындық оқытушысы А.Шарапов автомат АК-74 жартылай бөлшектеу және қайта жинақтауды оқушылар сәтті көрсетті. Кездесу әсерлі өтті.
8. Қосымша білім беру педагогы Дуйсембаева Айнурдың 7"Б" сыныбы "Абайтану" оқушыларымен «Ауған соғысы – жүректегі жара» тақырыбында іс-шара өтті. Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
9.“№7”Тұран”мектеп-гимназия” КММ-нің оқу ісінің орынбасары Сарсенбаева Гүлжан апайдың ұйымдастыруымен математика пәнінен"Ойлау және сөйлеу" тақырыбы аясында 5 "Ә" сыныбында сайыс сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Мырзатаева Ақерке. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс соңында Сарсенбаева Гүлжан апай жеңімпаздарды мараппаттап, өз тілегін айтып,оқушыларға сәттілік тіледі! Бұл сайыстың мақсаты 5-сынып оқушыларының логикалық ойлауын терең дамыту!
10."N7” Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 16.02.24 ж күні 6 а сынып оқушылары, пән мұғалімі Туренова Гулназ апай мен бірге әйгілі режиссер, актер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына- 110 жыл толуына орай танымдық сабақ өтті. Киногердің туындылары” Қазақ киносының алтын қорына” енген. Ал оның театр сахнасы мен кинодағы образдары, актерлік шеберліктің үлгісіне айналды.
Шәкен Айманов ұлттық кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Қазақ киносының” атасы” Шәкен Айманов түсірген фильмдер- халық қазынасы, тарих шежіресі. Олар көзі қарақты көрермен көкейінде мәңгілік қалары саналарында жаңғырары сөзсіз.
Кітапханашы: Р. Рапишева.
11.Мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған лығына 35 жыл толуына орай және жастарды әскери патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында 4"Б" сынып және "Өзін-өзі басқару" ұйымының оқушыларымен кездесу болып өтті. Бұл кездесуге Жанұзақов Байзақ және Мұсырманқұлов Батырбек ағаларымыз қатысты. Кездесуді мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Мамраймов құттықтау сөзбен ашты. Кездесуде оқушылар ауған соғысы ардагерлеріне сұрақтар қойып, өлең шумақтарын арнады.Сөз соңында ардагерлеріміз оқушыларға жақсы тілектерін айтып өз Отанын сүйетін,қазақ елінде туып өскендерін мақтан тұтатындай патриот, рухты азамат болыңдар деп қорытындылады.
12.Бастауыш сынып мұғалімі Тыныбекова Шолпан Дауренбекқызы М.Айтқожиннің Түркістан тақырыбында 4ә сынып оқушылармен ашық сабақ өтті.Сабақ ұйымдастыру кезеңінде 3 шапалақ әдісі бойынша бастады.Ақынның өмірбаянымен таныстырып өтті.Тақырыпты "ребус "шешу арқылы ашты.Түркістан қаласымен таныстырып бейне жазба көрсетті.Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бағалап өтті."Сұрақ ілмек" әдісі бойынша оқушыларға сұрақ қойып өтті.Сабақ арасында "түркістан" әні мен сергіту сәтін өткізді. "Маршурт" ойыны арқылы балалардың сөздік қорын молайта түсті."Ойлы болсаң ,озып көр" әдісі бойынша суретті мақал- мәтелдерді тауып шықты. Оқушылармен Түркістан туралы кері байланыс жасады. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
13.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Калдарбеков әлеуметтік желі арқылы атқарылған іс-шаралармен жоспарлармен бөлісті.
14.Директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т.Аралбаев әлеуметтік желі арқылы атқарылған іс-шаралармен жоспарлармен бөлісті.

