09
февраль
2024
” Мұқағали- мәңгілік ғұмыр”
![]() | ![]() |
"N7 "Тұран" мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 9.02.24 күні,7 б сынып оқушылары және сынып жетекшісі Дүйсенбаева Айнур апай мен бірлесе отырып, Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 93- жыл толуына орай” Мұқағали- мәңгілік ғұмыр” атты тәрбие сағат өттік. М. Мақатаев поэзиясы талай жүрекке от берген. Оның жырлары оқырманмен бірге мұңайып, бірге шаттанады. Оның әр шумақ өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің үні естіледі. Туған елдің тұңғиық намысын, шындықтың шыңына ту етіп, қадамын нық басып, шындықты жырлаған. Мұқағали бір ғасырда бір келетін, қазақ поэзиясының алтын домбырасы дерліктей хас талант иесі. Ия, жақсы жырды, жақсы ақынды таңдай білсек, қорғай білсек, халқымыздың рухани өзегі, сана байлығы толыға тусері анық. Мұқағали Мақатаевтың әрбір өлеңін қымбат қазынамыздай сақтап, оқуымыз керек. Ол- біздің міндетіміз.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

