07
февраль
2024
"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"
![]() | ![]() |
"N7"Тұран" мектеп -гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 07.02.2024ж.күні М.Мақатаевтың 93 жылдық мерейтойына орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты тақырыпта ақын өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп жатқа оқудан 8-11- сыныптар арасында байқау өткізілді.Байқауға ақын өлеңдері мен поэмаларын сүйіп оқитын оқушылар белсене қатысты."Ғажайып даналықтың бір көзі -Мұқағали поэзиясы",- деп ақын Ә.Тәжібаев айтқандай, оқушыларымыздың бойынан поэзияға деген сүйіспеншіліктері байқалды.М.Мақатаевтың таңғы шықтай мөлдір,сырлы,мұңлы поэзиясын сүйіп оқитын оқушыларымыз көп болып, оның шығармалары әрбір оқушының жүрегінен орын алатынына сеніміміз мол.
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері З.Асқарова мен Р.Балтабай.

