17
январь
2024
"ХАКІМ АБАЙ ІЗІМЕН..."
![]() | ![]() |
7 "Тұран" МГ " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17.01.2024 ж. күні " Хакім Абай ізімен...." онкүндігі аясында " Жыр жазамын Абайдың үлгісімен" тақырыбында 6-10-сынып оқушылары арасында жас ақындар мүшайрасы болып өтті. Мүшайра ережесіне сәйкес оқушылар бірінші кезеңде Абайға арнау өлеңдер жазды. Ал екінші кезеңде ұсынылған ұйқасқа белгілі уақыт ішінде еркін тақырыпта өлең шығарды.
Мүшайра нәтижесінде 9 "Ә" сынып оқушысы Бекмурза Сымбат 1-орын, 10 "А" сынып оқушысы Амирхан Сымбат пен 6 "Ә" сынып оқушысы Қалдыбек Гүлдана 2-орын, 9"В" сынып оқушысы Мұхамеджан Зейнеп пен 7"Б" сынып оқушысы Ғани Мейрамбекқожа 3-орындарды иеленді.
Талапты, шығармашыл шәкірттерімізге қаламдарың ұштала берсін дейміз.
Мүшайра ұйымдастырушылары: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Жүсіпназарова Ақмарал Мұхамеджанқызы және Аденова Зауреш Амалбекқызы

