№7 «Тұран» мектеп гимназиясында Республикалық семинар өтті » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №7 «Тұран» мектеп гимназиясында Республикалық семинар өтті
15
декабрь
2023

№7 «Тұран» мектеп гимназиясында Республикалық семинар өтті




2023 жылы 15 желтоқсанда  «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шерулер» атты республикалық  семинар Жетісай ауданына қарасты «Тұран» мектеп-гимназиясының базасында  өтті.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының 2023 жылғы 31 қазандағы №15-7-27-06-394 санды хаты негізінде және Жетісай ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес Түркістан облысы білім басқармасының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы №40-01-04/8804 санды хаты негізінде №7"Тұран"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15желтоқсан күні "Педагогикалық шерулер" атты тақырыпта ресубликалық семинар болып өтті. 
Семинардың мақсаты; педагогтардың қызметіне курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу; біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтердің кәсіби қызметіндегі өзгерістерді мониторингілеу және талдау; оқыту және оқу процестерін табысты жоспарлаудағы педагогтердің жеке дамуын зерттеу; 
Семинардың бағдарламасымен "Өрлеу" БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы КДИ" филиалының аға оқытушысы Матекова Бахтигуль Темирхановна таныстырып өтті. 
Қонақтарды ерекше құрметпен қарсы алу және тіркеу жұмыстарынан соң, мектептегі "Қаламгер" "Interesting English" үйірме оқушыларының қатысуымен қойылым қойылды, өлеңдер оқылды, әндер шырқалып, билер биленді. Республикалық семинардың ашылу салтанатында Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы Шукурбаева, Жетісай ауданының әкімінің орынбасары Айнабеков Марат Фаритұлы, «Аманат» партиясының Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асауов Әділхан сөз сөйледі. Семинардың практикалық кезеңінде баяндамалар оқылды. Семинардың пленарлық кезеңін Лаура Тұрлыбекқызы Искакова ашып берді.
1.  "Өрлеу" БАҰО АҚФ Республикалық КДИ,ЖМжГПОӘМжӘ кафедрасының аға оқытушысы,магистр Есентаева Айжан Идрисовна "Оқу сауаттылығын қалыптастырудың өзектілігі; оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы мәселелер" 
2.  "Өрлеу"БАҰО" АҚФ "Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты" "Кәсіби білім беру" кафедрасының аға оқытушысы Абишева Алина Муратовна мен Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты география пәнінің мұғалімі Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна "География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары" 
3. "Өрлеу" БАҰО"АҚФ Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Мыханова Орынкул Жуматаевна "Цифрлы қоғам; цифрлы оқыту технологиялары және мұғалім тұлғасы" 
4.  "ӨРЛЕУ"БАҰО АҚ "Жамбыл облысы бойынша КДИ"филиалы "Инновациялық оқыту және педагогикалық технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы, магистр Скакова Биби Аргынбаевна "Тарих сабағын оқыту мен оқу процестерін табысты жоспорлау" 
5. "Өрлеу"БАҰО"АҚФ "Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты" "Әдіснама және педагогикалық инновация" кафедрасының аға оқытушысы Мухамадиева Мариямбуви Нариманована "Бастауыш сыныптарда негізгі пәндерді оқытуда белсенді әдіс-тәсілді қолдану"
6. Жетісай ауданы, Д.Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Жанаева Ақмарал Базарбаевна «Сабақты ұйымдастыруда оқушыларды қызықтыру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер» 
7. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының білім бөлімі Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі,педагог-шебер,"Үздік педагог" атағын иеленуші Чекетаева Роза Сарқытбекқызы "Оқушыларды ғылыми жобаға дайындауда жобаның ғылыми аппараты" 
8. Шымкент қаласы, Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі, "Үздік педагог"атағын иеленуші Торғаев Бауыржан Пірматұлы "Жетістікке жету өз қолыңда" 
9. Түркістан облысы, Жетісай ауданы Алпамыс батыр атындағы №8 ЖББМ география-тарих пәндерінің мұғалімдері Абдуллаев Максат Аманович пен Абенов Жандос Пернебаевич "PISA" халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау " 
10. Шымкент қаласы,ЖШС "ACADEMY of GOLDEN KIDS" мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Мангутов Бахтыбай Мусаевич "Білім алушылардың білім жетістіктерінің моноторингісі" 
11. Түркістан облысы Сауран ауданы Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебі КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Лаззат Баратбековна "Тарихи оқиғаларды есте сақтаудың тиімді жолдары" 
12.  Түркістан облысы, Жетісай ауданы Амангелді атындағы ЖББМ биология пәнінің мұғалімі, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Шегебаева Гулмира Құрбанқызы "Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту (PISA тапсырмалары негізінде)" 
13. Жетісай ауданының әдістемелік кабинет меңгерушісі Исаева Разия Орынбасаровна "Жетісай ауданының білім бөлімінің білім саласы: жетістіктері мен жоспарлары" тақырыптарды баяндамалар оқылды.
Әр түрлі пәндерден практикалық 10 сабақ және 5 шебер сыныптар өтілді. Семинардың қорытындылау кезеңінде келген қонақтар өз ризашылықтарын білдіре отырып семинардың жоғары деңгейде өтілгенін айта келе мектеп директоры Кожбанова Хадиша Нартайқызына және ұжымына  алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.