20
октябрь
2023
ЖЕТЕКШІ МЕКТЕП ҚЫЗМЕТІН ЖҮЙЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
![]() | ![]() |
Жетісай ауданы білім бөлімінің әдіскері Казманбетова Алтынайдың ұйымдастыруымен "N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жетекші мектептің жауапты модераторларымен дөңгелек үстел өтілді. Дөңгелек үстелге аудан көлеміндегі 19жетекші мектептің модераторлары қатысты. Жиын барысында төмендегі мәселелер қаралды:
-Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңартуды қолдауды мектеп қызметінде ұйымдастыру туралы нұсқаулық;
-Жетекші мектеп қызметінің мақсаты, міндеттері;
-Жетекші мектептің функциялары;
-Жетекші мектепті басқару субьектілері;
-Үйлестіру кеңесінің құзыреті;
-Жетекші мектептің кәсіби қоғамдастығы қызметінің нәтижелері;
-Жетекші мектептің кәсіби қоғамдастығының құжаттары;
-Серіктес мектептердің қызметі;
-Әртүрлі мәселелер;
Жоғарыдағы мәселелер бойынша Жетісай ауданы білім бөлімінің әдіскері А.Казманбетова толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Келген модераторлар өз ұсыныстарын айтып алдағы уақытта жұмысты жүйелеу керектігі айтылды.

