23
февраль
2023
"Бүгінгі шәкірт-ертеңгі маман"
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Оқушылардың бойында болашақта өз кәсібінің маманы болу үшін бүгінгі күні дұрыс мамандық таңдау керек екені белгілі. Соған орай бүгін 23.02.2023ж «№7 «Тұран мектеп-гимназия» КММ-сінде мектептің бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т. Аралбаев пен кәсіби бағдар беруші педагогы С. Кенжебекованың ұйымдастыруымен «Бүгінгі шәкірт-ертеңгі маман» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектебіміздің ардагер ұстазы Сарсеков Тұрар ағай, ауданымыздың экс әкімі Ж. Бейсенбаев мырза, Журналистер одағының мүшесі ұстаз Ж.Байжанов, заңгер А.Шукурбаев мырза қатысты. Дөңгелек үстелді мектебіміздің директоры Х.Кожбанова сөз сөйлеп ашып берді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып ұтымды жауаптарын ести алды. Өнерлі оқушыларымыз Ерасыл "Ерке сылқым" күйін домбырамен ойнаса Ақзере қызымыз скрипкада "Айттым саған Қаламқас" туындысын ойнады.Қонақтарымыз жиын соңында мектебімізге өздерінің жүрек жарды тілектерін жазып қалдырып, естелік ретінде фотоға оқушылармен бірге түсті.



