05
октябрь
2023
ТҰРАНДА ТАРИХ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Бүгін, Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызының бастамасымен Жетісай қаласындағы "Тұран" мектеп-гимназиясында ұстаздар мерекесіне орай білім саласында өзіндік орны бар, халық арасында үлкен ілтипатқа ие Бапаев Қуатбек Өжетұлының атынан тарих кабинеті ашылып, пайдалануға берілді. Қуатбек Өжетұлынан бұрын, мектепте білім саласын басқарған Примбеков Шерін Танабайұлының атында кабинет ашылған болатын. Мінеки аудандағы барлық мектеп басшылары, ардагерлер, білімге еңбегі сіңген тұлғалардың бас қосуында екінші білім саласына еңбегі сіңген Бапаев Қуатбек Өжетұлына арналған кабинеттің ашылу салтанаты болып өтті. Аудандық іс-шараға Аман Мединев, Зулеев Ахмет Батырбек Қоқанбаев, Әлібек Шүкірбаев, Асауов Әділхан Базарбай Каримов, Бахияров Пердебек ағайлар қатысып және ардагер Мекенбай ата, Айжамал апайлар өз жылы лебіздерін білдірді.





