03
октябрь
2023
"Ұстазым менің-ұстазым" челленджі
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
"Ұстазым менің -ұстазым"челленджі
Оқу -ағарту министрінен бастау алып, Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы Газиза Алибекқызы Шукурбаева жалғастырған челленджді қабыл алып,өзімді оқытқан ұстаздарым еріксіз есіме түсті.Құрметті де аяулы ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректеп құттықтай келе, шәкірттер санасына сәуле шашып,шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына, әріптестеріме ақ тілегімді жылы лебізімді білдіре отырып,өзімді де білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымды еске алып , шексіз алғыс айтқым келеді.Алғашқы ұстазым Сәрсенбаев Киікбай ағайыма, орыс тілінен білім берген Тілектес апайыма, Зұлпыхар ағайыма, қазақ тілінен Ибрагим ағайыма, Өктемхан ағайыма, Азиза апайыма,математикадан білім берген Омар ағайыма, химиядан Набат апайыма, физикадан Үміт апайыма, көркем еңбектен Қарлығаш апайыма, Дариға апайыма,пионер ұйымының жетекшісі Ұлтуар апайыма-
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп,
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын “Ұстазым” деп басымды иіп,
дей келе,ыстық ықыласымды жолдағым келеді.Осындай өнегелі ұстаздардан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз, "N4-Сұлтан Сегізбаев" атындағы жалпы орта мектебінің тұңғыш алтын белгі иегері болып бітірдім.“Мұғалім ең жауапты міндетті орындайды-ол адамды қалыптастырады” демекші биік белестерді бағындыруыма үлес қосқан ардақты ұстаздарыма мықты денсаулық отбасыларына амандық бақ- береке тілеймін.
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Биыл ресми түрде бекітілген "Ұстаздар күні"төл мерекеміз Құтты болсын.Ұстазға құрмет-адамзатқа міндет.Балалық шағымыздың куәсі білім теңізіне жетелеген Алтын ұя мектебіме,ұлағатты ұстаздарыма мың Алғыс!!!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын ардақты ұстаздар.Осы челленджді қолдай отырып,әріптестеріме жолдаймын. “№7”Тұран” мектеп - гимназия" директоры Кожбанова Хадиша Нартайқызы.







