«Мамандық таңдау-өз болашағыңды таңдау» » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мамандық таңдау-өз болашағыңды таңдау»
03
февраль
2023

«Мамандық таңдау-өз болашағыңды таңдау»






 Әрбір жас түлек мамандық таңдағанда ескеретін бірнеше қағидалар бар. Сол мамандыққа икемділігі, қызығушылығы, қабілеттілігі және сол мамандықтың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы. 
  Халық арасында танымал, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар. Олар әр қоғамда, қандай жағдай немесе тәртіпте болмасын сұранысқа ие болады.Сондай мамандықтың бірі-Заңгер мамандығы. Бұл мамандық иелері мемлекеттік мекемелерде, заң органдарында, түрлі ұйымдарда, шағын кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда өте қажет.
Заңгер мамандығы қай заманда болмасын маңыздылығын жоғалтпайтын мамандық, оған дәлел заңгерге жаңа мүмкіндіктердің ашылуы. Қазіргі таңда қай сала болмасын қасында заңға, құқыққа қатысты мәселелер ілесіп жүреді, әрине бұндай жағдайда адамдар заңгерге жүгінеді.
Осы орайда, заңгер мамандығын таңдаған адамға қандай қаражаттық мүмкіндіктер ашылатынын айта өтсек:
Біріншісі: Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін еңбек ақысы мен әлеуметтік кепілдіктер. Құқық қорғау органдарында еңбек ақысын төлеу қалыпты және мемлекетімізде жыл сайын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалақысы көтерілуде, жоғары зейнетақы алу мүмкіндігі де бар. 
�Екіншісі: Еркін қызмет ететін заңгерлер. Оларға: адвокаттар, нотариустар, кеңесшілер, жеке сот орындаушылары жатады. Аталған тұлғалардың жалақысы өздерінің біліктілігіне, әрекетіне байланысты жоғарылай береді.
�Үшіншісі: Жеке компанияларда жұмыс жасайтын заңгерлер. Ол банк болсын, құрылыс компаниясы болсын барлығына заң білетін білікті заңгер қажет. Олардың жалақыларыда салыстырмалы түрде жоғарылап келеді. 
Осы үш бағытты ескере отырып заңгер мамандығын болашақта сұранысқа ие  мамандық деп айтуға толық негіз бар. 
  Заңгер болу үшін “Құқықтану“ (юриспруденция 5В030100) мамандығын таңдау қажет.
“Құқықтану“ мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдайтын ЖОО-лар:
Ұлттық  университеттер
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.   Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Мемлекеттік ЖОО-лар:
Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті   О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті И.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті     М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті   Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті    Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технология және Инженеринг Университеті  Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті        Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті. 
«№7 "Тұран" мектеп-гимназия» КММ-нің кәсіби бағдар беруші педагогы Кенжебекова Сауле