05
январь
2023
Көркем еңбек, музыка пәні бірлестігінің жарты жылдық есебі
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Мектеп директоры Х. Кожбанова және директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т. Аралбаевтың және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Зияхановтың ұйымдастыруымен Көркем еңбек, музыка пәні бірлестігінің І жартыжылдық есебі тыңдалды.
Бірлестік жетекші А. Орынбасарова І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бірлестіктің құрамы, шығармашылық тақырыптары және үйірме жұмыстары бойынша мәлімет берді. Вокальдық эстрада бойынша жетістіктері жоғары екенін айтты. Мата өңдеу және Ағаш өңдеу кабинеттерінің жабдықталуы туралы да атап өтті. ІІ жартыжылдық бойынша жоспарларын бекітті.



