21
май
2025
8-11 сыныптар бойынша «Үздіктер шеруі -2025»
![]() | ![]() |
«№7 «Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында мамыр айының 20-шы жұлдызы күні оқу жылының қорытындысы бойынша үздік оқушыларды марапаттауға арналған салтанатты түрде «Үздіктер шеруі» іс-шарасы аталып өтті. Іс-шара дарынды жастарды қолдауға, олардың ынтасын арттыруға, білімнің маңызын насихаттауға және тұлғалық дамуды дәріптеуге бағытталды. Іс-шараға 8-11 сыныптарда оқитын барлық оқушылар мен сынып жетекшілер, қонақ ретінде ата-аналарда келіп қатысты. Ең алдыменен салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталып, содан соң мектебіміздің директоры Хадиша Нартайқызы құттықтау сөз алып, іс-шараны салтанатты түрде ашып берді. «Салтанатты жиын жылда дәстүрлі түрде мамыр айының соңында ұйымдастырылып келеді. Осылайша біз оқушыларға құрмет көрсету арқылы олардың мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарын бағалап, өзге оқушыларға үлгі еткіміз келеді. Мектеп оқушыларының үздік нәтиже көрсетіп, жетістікке жетуі ұстаздар мен ата-аналардың арқасында деп ойлаймын. Сондықтан да әрқашан қолдау көрсететін ұстаздар мен ата-аналарға алғысымды білдіргім келеді. Бүгінгі оқушылар болашақта ел дамуына үлес қосатын үлкен маман иелері болады деп сенемін. Оқушыларымыздың жетістігі көп болсын» - деді Хадиша Нартайқызы
Мектебіміздің мыңбұралған жас бүлдіршіндерінен құралған бишілері би билеп, әншілері ән айтып, қатысып отырған көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады. Жоспарға сәйкес мектебіміздің директоры Хадиша Нартайқызы мен 10-11 сыныптар бойынша директордың оқу жұмыстары бойынша орынбасары Берик Исабеков сыныптардың реті бойынша марапаттау рәсімін бастады. Іс-шара барысында мектебіміздегі 8-11 сыныптарда оқитын үздік оқушылар марапатталды. Үздік оқушыларға арнайы «Үздік оқушы» төсбелгісі мен мақтау қағазы табысталды. Іс-шараның соңы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен аяқталды. Іс-шараға қатысып отырған барлық оқушыларға үлкен мотивация мен келесі оқу жылына деген үлкен серпіліс болды деп үміттенеміз

