1-4 -сынып оқушыларымен өткен апта қорытындысы бойынша жиын есебі! » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-4 -сынып оқушыларымен өткен апта қорытындысы бойынша жиын есебі!
28
апрель
2025

1-4 -сынып оқушыларымен өткен апта қорытындысы бойынша жиын есебі!





Өткізілген күні: 28.04.2025 жыл  
Өткізілген орны: №7 "Тұран" мамандандырылған гимназиясының акт залы  
Қатысқандар: 1-4-сынып оқушылары, сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі  
Жетекші: Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары — Актаев Мухтар Аширбекұлы
Оқушыларға қойылатын талаптар:
1. Оқу үлгерімін арттыру:
   - Барлық пәндер бойынша үлгерімді қадағалау;
   - Сабаққа толық және уақытында қатысу;
   - Үй тапсырмаларын уақытылы әрі мұқият орындау.
2. Тәртіп сақтау:
   - Мектептің ішкі тәртіп ережелерін толық сақтау;
   - Мектеп формасын талапқа сай кию;
   - Әдептілік пен мәдениеттілік таныту.
3. Қауіпсіздік ережелерін сақтау:
   - Жол жүру ережелерін қатаң сақтау;
   - Интернетте өзін қауіпсіз ұстау;
   - Мектеп ауласында және ғимарат ішінде тәртіп сақтау.
4. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу:
   - Мектепішілік және сыныптан тыс шараларға белсенді араласу;
   - Тазалық пен тәртіпке атсалысу.
5. Бір-біріне құрмет көрсету:
   - Сыныптастарыңа, ұстаздарыңа және барлық мектеп ұжымына сыйластықпен қарау;
   - Буллингке жол бермеу, кикілжің туындағанда, дұрыс жолмен шешуге тырысу.
6. Үздік болуға ұмтылу:
   - Апта сайын өткізілетін "Үздік сынып" марапатына ұмтылу;
   - Жеке жетістіктерге қол жеткізу арқылы мектеп абыройын көтеру.