22
апрель
2025
Қауіпсіздік – балалық шақ" атты жобаны ұйымдастыру аясында
![]() | ![]() |
22.04.2025 ж. күні "№7 Тұран мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қауіпсіздік – балалық шақ" атты жобаны ұйымдастыру аясындағы "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында шығармалар сайысы 8–9 сыныптар аралығында болып өтті.
Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, оның адамның жаны мен тәніне әкелетін соққы екенін түсіндіру.
Қылмыстың бір түрі – балаға зорлық көрсету.
Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.
Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры – зорлау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезімі, үрей билейді. Сондықтан да балаға мынаны түсіндірген жөн:
Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
Ал ата-аналарға осыған жауап:
Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;
Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді.

