ОНКҮНДІК АЯСЫНДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОНКҮНДІК АЯСЫНДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС.
21
апрель
2025

ОНКҮНДІК АЯСЫНДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС.





Эстетикалық пәндер онкүндігі аясында Жеңіл атлетикадағы эстафета жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа 4сынып оқушылары қатысты.
Жеңіл атлетика – дене шынықтыру мен спорттың ең көне және танымал түрлерінің бірі. Бұл спорт түрі түрлі бағыттардан тұрады: жүгіру, секіру, лақтыру және тағы басқалар. Соның ішінде командалық рухты, бірлік пен жылдамдықты қатар қажет ететін ерекше жарыс түрі – эстафеталық жүгіру.
Эстафета жарысы – бірнеше спортшыдан құралған командалардың жарысы. Әр спортшы белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтіп, арнайы эстафеталық таяқшаны келесі қатысушыға береді. Жеңіл атлетикадағы эстафета – тек физикалық дайындық емес, ұжымдық жұмыс пен тактиканың да көрінісі.
Ұйымдастырушы: Дене шынықтыру бірлестігі мұғалімдері. Тастанов Амир ағай, Шайменов Ерхан ағай, Бурисбаев Сапар ағай, Умаров Бахыт ағай.