17
апрель
2025
ЕРІКТІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
“Жастар ресурстық орталығы” КММ мен №7 “Тұран” МГ ұйымдастыруымен “Қадірлейік қарттарды” атты қайырымдылық іс-шара болып өтті.
Қайырымдылық шараның мақсаты- жалғызбасты қария, ардагерлерге жүйелі көмек көрсету, ерікті жастармен қарт адамдарға шаруашылық бойынша көмектесу.
Шара "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызсеткерлері мен №7 “Тұран” МГ-ның еріктілер клубының мүшелері қатысып, эалғызбасты апаның үйіне барып үй шаруаларына көмектесіп, үйінің жан-жағын арамшөптерден тазартты. Жақсылыққа жаны құмар ерікті жастар алдағы уақытта да жалғызбасты қарияларға қол ұшын созып, көмек беруді жалғыстыратын болады.