АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2025

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ




2025 жылдың 9 сәуірінде  «№7 «Тұран» МГ КММ-де бітіруші 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиын өтті. Жиында қаралған күн тәртібіндегі басты мәселелер: 
1) 11 сынып оқушыларының қаңтар және наурыз айларындағы ұлттық бірыңғай тестілеуде көрсеткен нәтижелерінің қорытындысы және алдағы уақыттағы мамыр, маусым айларында болатын нағыз ҰБТ-ға дайындық барысы.
2) 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттаудан тапсыратын емтихандағы негізгі пәндеріне дайындық барысы ,және де «алтын белгі» төсбелгісі мен үздік аттестатқа үміткерлерге қойылатын талаптар.
3) «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынының өтілетін мерзімі мен жоспары, оқушылардың формасы мен  сол күнге іс-шарада атқарылатын дүниелер
4) Әр түрлі мәселелер
Жиынды ең алдымен мектеп директоры Кожбанова Хадиша Нартайқызы ашып беріп, ары қарай күн тәртібіндегі ең бірінші мәселе бойынша директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Исабеков Берик Даутбаевич сөз алып, қаңтар, наурыз айларындағы ҰБТ қорытындысы бойынша есеп берді. Есеп беру барысында қаңтар, наурыз ҰБТ-на қатысқан оқушыларда айтарлықтай өсімнің барлығы, динамиканың өскендігіне тоқтала кетті. Дегенмен бұл көрсеткіш нағыз ҰБТ-да басқаша болуын, сұрақтардың күрделеніп кететінін еске сала отырып, ата-аналарға оқушылардың барынша дайындығына қолдау жасауын, үш жақты болып біргелікті жұмыс жүргізсек үлкен нәтижеге қол жеткізетінін атап өтті. 
Сонымен қатар қорытынды аттестаттаудағы (қазақ тілі, алгебра және анализ бастамалары, орыс тілі, қазақстан тарихы және бесінші таңдау пәніне қарай) негізгі пәндерге дайындық барысы мен аттестат алудағы емтиханның маңыздылығына тоқталып өтті. «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер оқушылардың қазақ тілі мен алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазған емтихан материалдары тікелей облыстық басқарма жанынан құрылған комиссияда тексерілетін ескертіп кетті. 
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Қалдарбеков Ерболат Беркінбаевич баяндама жасап, сол күнгі іс-шараның жоспарымен кеңінен таныстырды.  Ата-аналарға барынша соңғы қоңырау күні жауапкершілікті тікелей сезінулерін, ешқандай заңғы қайшы, ешқандай тәртіпсіздіктің орын алмауын, мерекеге байланысты қаржы жинамау, оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, іс-шара біткеннен соң жауапкершілік тікелей ата-ананың мойнында болатынын ескертті.
Жиын соңында мектеп директоры Кожбанова Хадиша Нартайқызы сөз алып, жиынға қатысқан барша ата-аналарға өз алғысын білдіріп, қаңтар-наурыз айларындағы жоғары нәтиже көрсеткен оқушылардың ата-аналарын алғыс хатпен марапаттады.