10
апрель
2025
📝 3«Ә» СЫНЫБЫМЕН ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ
![]() | ![]() |
Сабақ өткізу форматы: Lesson Study әдістемесі негізінде
Сынып: 3 «Ә»
Мұғалім: Абенова Гүлсара
Сабақтың тақырыбы: Бекіту
Өткізілген күні: 2025 ж.
Қатысушылар: Облыстық әдістемелік кабинет өкілдері, «Д.Қонаев» атындағы мектеп-лицей, «Т.Рысқұлов» атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері (барлығы 10 педагог).
1.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Оқушылардың тақырыпты меңгеруін пысықтап, білімдерін бекіту;
Өз ойларын жүйелі жеткізуге үйрету;
Жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру;
Зерттеуге қатысушы мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру.
2.
ЗЕРТТЕУ САБАҒЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
«Оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда жұптық және топтық жұмыстардың тиімділігі»
3.
ЗЕРТТЕУ СҰРАҒЫ:
«Топтық және жұптық жұмыс түрлерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын қалай арттыруға болады?»
4.
САБАҚ ЖОСПАРЫ (ТІЗБЕКТЕЛГЕН):
Сабақ кезеңі Іс-әрекет мазмұны Қолданылған әдістер
Ұйымдастыру кезеңі Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, мақсат қою «Шаттық шеңбері», «Көңіл-күй күнделігі»
Қайталау Алдыңғы білімді еске түсіру «Миға шабуыл», сұрақ-жауап
Негізгі бөлім Негізгі тапсырмалармен жұмыс (жұптық және топтық жұмыс) «Ойлан – жұптас – бөліс», «Суретпен сөйлейік»
Бекіту Қорытынды тапсырмалар, рефлексия «Бағдаршам», «Бес саусақ» әдісі
Қорытынды Үй тапсырмасы мен кері байланыс Ауызша кері байланыс, стикермен жұмыс
5.
САБАҚТЫ ӨТКІЗУ:
Сабақты Абенова Гүлсара жоғары деңгейде, жоспарға сәйкес өткізді. Оқушылар белсенді қатысты. Жұптық, топтық жұмыстар сәтті ұйымдастырылды. Сабақта сараланған тапсырмалар қолданылды. Мұғалім оқушылардың оқу үдерісін бағыттап отырды.
6.
БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ:
Сабақты 10 педагог бақылап, төмендегідей пікірлер білдірді:
Сабақтың құрылымы нақты, тізбектелген.
Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі жоғары.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы байқалды.
Lesson Study әдісінің тиімділігі сезілді.
7.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Сабаққа қатысқан қонақтар мен бақылаушылар тарапынан оң пікірлер айтылды. Зерттеу нәтижесінде топтық жұмыстың оқушылар белсенділігіне, ойлау қабілетіне оң әсері бары дәлелденді.
Сабақ соңында тізбектелген сабақтарды жалғастыру ұсынылды. Lesson Study-дің тиімділігі дәлелденіп, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуға жаңа жол ашылды.

