20
март
2025
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
![]() | ![]() |
Мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Наурызнама» онкүндігінің іс-шаралар жоспары негізінде «Ұлттық спорт» күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында арқан тарту, қол күрес,асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, шекем тас және басқа да ұлттық ойындар дене шынықтыру пән бірлестігі тарапынан өткізілді.
Мақсаты:
• Қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырту және оқушыларға таныстыру;
• Оқушылардың дене шынықтыру деңгейін арттыру және ұлттық спорт түрлеріне қызығушылықтарын ояту;
• Ұлттық мәдениетімізді, спорт түрлерін насихаттау арқылы оқушылардың бойында патриотизм мен ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Оқушыларға асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, шекем тас және басқа да ұлттық ойындардың ережелері мен тарихын түсіндіру;
2. Ұлттық спорт түрлеріне қатысу арқылы оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру;
3. Оқушыларды командалық жұмысқа баулу және ұйымшылдықты нығайту;
4. Жарыс элементтері арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен бәсекелестік рухын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
• Оқушылардың ұлттық ойындар туралы білімдері артатын болады;
• Физикалық және интеллектуалдық қабілеттері дамиды;
• Ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықтары артады;
• Жас ұрпақ арасында ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге деген құрмет пен сүйіспеншілік қалыптасады;
• Командалық рух пен ұйымшылдықты нығайту, әрбір оқушының жеке қабілеттері ашылады.

