28
февраль
2025
алғыс айту күніне орай
№7 «Тұран мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 2 «ә» сыныбымен алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған ашық тәрбие сағаты өтті.Кішкентай оқырмандарымызбен бір-бірімізге алғысымызды өлеңмен, тақпақтармен жеткіздік.Оқырмандарымыз тамаша көңіл күймен би де биледік.Сынып жетекшісі Балғабаева Жанар апаймен караокеде көңілді ән айтып,бір бірімізді құшақтап тілектерімізді жеткіздік.Мақсатымыз кішкентай оқырмандарымызды бір –біріне мейірімді болуға,сыйлауға,қадірлеуге,ата-анаға мейірімді болуға,досқа адал болуға,отанын сүйуге үйрету.Өз елінің,жерінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Кітапханаға келіңіздер кітап сүйер қауым.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітап әлемінде бізбен бірге болыңыздар.
Мектеп кітапханашысы Гүлмира Серікбаева