23
февраль
2025
Шығармашылық шабыт сыйлаған күн!
![]() | ![]() |
Халықаралық мұғалімдерге арналған оқыту курсының 3- күні де әдеттегідей керемет көңіл-күймен, ізгілікті қарым-қатынастармен басталды.Таңғы астан соң барлығымыз конференция залына жиналып, тапсырма орындадық.
Бүгін,19 ақпан күні "Гермиона сөмкесі" деген тақырыпта спикер Алма Мырзашқызы өте жоғары деңгейдегі сабақ өтті.Сабақ барысында бірқатар құнды мәліметтер алдық.Солардың ішінде айтылған мәселенің бірі: "Гермиона сөмкесі" туралы болды.
"Гермиона сөмкесі"-бұл Г.Роулингтің атақты «Гарри Поттер» шығармаларындағы сиқырлы сөмке. Бұл сөмке көптеген қызықты және практикалық қасиеттері бар ерекше зат болып табылады және ол тек әдебиетте ғана емес, қоғамда да кеңінен танылған, символға айналған.
Гермиона сөмкесі сыртынан қарағанда қарапайым, бірақ ішіне сан түрлі заттар сыйып кететін сиқырлы сөмке. Оның ішіне кереғар көлемде көптеген заттар мен қажетті құралдарды жинауға болады.
Оны пайдалану өте ыңғайлы — сөмкенің ішінен қажетті затты тауып алу оңай, ал оның сыртынан көрінетін ештеңе жоқ. Әрине, бұл сөмке тек қана сиқырлы әлемде бар және оны кәдімгі өмірде кездестіру мүмкін емес."Гермиона сөмкесі" сиқырлы әлемде жай ғана құрал емес, ол көптеген практикалық және символикалық мағынаға ие болып табылады. Ол шығармашылықты, әртүрлі жағдайларға бейімделуді, және өмірдің қиындықтарымен күресуде көптеген шешімдердің болатынын меңзейді. Осылайша, Гермиона сөмкесі қазіргі қоғамға деген өзгеше көзқарас қалыптастыруға және жаңа мүмкіндіктер мен шығармашылық тәсілдерді іздеуге шабыт береді.Спикер Алма Мырзашқызы "Гермиона сөмкесін" мысалға келтіру арқылы әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолданып, түрлі тапсырмаларды орындатып, өмірмен байланыстыра отырып қызықты, керемет сабақ өтті.
Түскі үзілістен кейін 80 жылдық тарихы бар "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне" экскурсия жасадық.Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіндегі беделді оқу ордасының ұжымы бізді ыстық ықыласпен қарсы алды.Оқу ордасының ректоры Қанай Гүлмира Әмірханқызы білім ошағының тарихы туралы заманауи үлгідегі кітапхананың мәжіліс залында сырлы сұхбат өткізді.Білім ордасындағы мамандықтар туралы Олегова Мария ханым маңызды ақпараттар берді.Университеттің 80 жылдығына орай жасалған блакнотты сыйға тартып, ерекше сезіммен шығарып салды.Білім ордасынан ойға түйгеніміз,көңілге қондырғанымыз көп болды.
Кешке "Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер" театрына барып, "Ұстаз" қойылымын тамашаладық.Осы әсерлі қойылым барлық "ұстаздар" қауымына тың серпіліс,жаңаша ойлау,оқушыларымызға деген ерекше қолдауды арттыра түскені байқалды.
Міне,осындай шығармашылық шабыт сыйлаған 3- күн де өзіндік естеліктерімен есте қалды.

