23
февраль
2025
Эмоцияға толы күн!
![]() | ![]() |
"DARYN TEACHER " халықаралық оқыту курсының 2-күні де конференция залға жиналып, таңғы керемет көңіл-күй сыйлаумен басталды.18 ақпан күні өтілген "Эмоционалды интеллект" тақырындағы сабақты білімді,дарынды спикер Асқар Мақсат жүргізді.Сабақ өте керемет,қызықты, эмоцияға толы өтті.Сабақ барысында эмоционалды интеллект тақырындағы бірнеше сұрақтарға жауап алдық.Эмоция дегеніміз - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы.Эмоция қоршаған ортамен қарым - қатынас негізінде пайда болатын көңіл - күй. Орта ауысқан сайын көңіл - күй де ауысады.Әрбір адам өз эмоциясын басқара алу керек және оны ортасына қарай ауыстыра білгені жөн.Сондықтан өз эмоцияңызды түсініп,қабылдай алуыңыз керек.Әрбір мұғалім өз эмоциясын өзі сабақ беретін оқушылардың эмоциясына сай өзгерте білуі тиіс." Кеме суда болғанда батпайды, бірақ су ішіне кірсе,батып кетеді.Сол сияқты айналамызда не болып жатқаны емес, біздің ішімізде не болып жатқаны маңызды" деген мысал арқылы көп жайттарды түсіндіре алды.Әрбір адамның бет - әлпетіне қарай ішкі эмоциясын байқауға болады.Басқалардың эмоцияларын басқарудағы жиі кездесетін қателіктер туралы, олардың алдын - алу шаралары туралы түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып шешуге болатынын нақтылап, түсіндіріп өтті.Сабақ өте жоғары деңгейде өтілді.Сабақтың соңында мұғалімдерден кері байланыс алынды.
Түскі үзілістен кейін тәжірибе алмасу мақсатымен Қазақстандағы ерекше білім беру мекемелерінің бірі - "Shogan sсhool" деп аталатын мектепке бардық.Мектептің басты мақсаты - білім алушылардың жеке тұлғалық дамуына, ой - өрісінің кеңеюіне және кәсіби біліктіліктерінің артуына қолдау көрсету.Бұл мектепте оқыту әдістері дәстүрлі білім беру жүйесінен өзгеше болып, оқушылардың шығармашылық ойлауын,сын тұрғысынан ойлау дағдыларын және инновациялық ойлауын дамытуға бағытталған ."Shogan school" өз оқушыларына терең және жан-жақты білім беріп қана қоймай, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына да үлкен мән береді екен Бұл мектеп әр оқушының дарындылығын ашып, оларды болашақта ұқыпты және жауапты азаматтар ретінде тәрбиелеуді мақсат етеді екен Бұл мектепте оқушыларға заманауи білім беру жүйесін ұсынатыны ерекше айтылды.Жалпы бұл мектептен алар жаңалықтар мен тың идеялар көп болды.
2-күннің тағы бір ерекшелігі кешке ұйымдастырылған командалық "TEZ TAP" ойыны.Курсымыздың тағы бір күні осындай қызыққа ,жаңалыққа, мотивацияға толы сәттермен есте қалды.

