03
февраль
2025
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КУРСТЫҢ І КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ТҰРАНДЫҚ ТӨРТ ҰСТАЗ.
![]() | ![]() |
Мемлекет арасындағы бәсекелестікте жеңіп шығу үшін білім бәсекесінде жоғары интеллект, қабылет пен қажырлы еңбек қажет екені даусыз. Түркістан облысы білім басқармасымен келісілген Darynteasher халықаралық курсының өз миссиясы ізденімпаз, ізгілікті ұстаздарды қалыптастыру мақсатының үддесінен шыға алды. Осы курсқа қатысу арқылы білім, ізденіс және еңбектену қажеттігі күн тәртібінен түспеу керектігі ескерілді. Оқушыға сенім білдіру бұл бөлек, мұғалімгеде сенім білдіру бұл бөлек болды. Аталған курсқа "N7 "Тұран" мектеп-гимназиясынан" 15мұғалім қатысып облыс бойынша қатысқан 1090мұғалім ішінен 22мұғалім іріктелетін Алматы қаласында өтетін ІІ кезеңге 4мұғалім жеңімпаз атанды. Мектебіміздің директоры Хадиша Нартайқызы, география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтан ағай, тарих пәні мұғалімі Амзеева Гүлбағила апай, директордың бейіндік жұмыстары жөніндегі орынбасары, биология пәні мұғалімі Аралбаев Табиғат ағай өтті. ІІ кезеңге өткен әріптестерге сәттілік тілейміз.
Жаңашылдық, жаңарумен таң қылып,
Жаңарумен атар әр кез таң күліп.
Бірлік, білім ұстай білсек тізгінін,
Сонда ғана ел боламыз мәңгілік.
ЕҢБЕК. ІЗДЕНІС. ҚОЛДАУ. НӘТИЖЕ

