27
январь
2025
27.01.2025ж. күні директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Аденова Зауреш Амалбекқызы
![]() | ![]() |
"№ 7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 27.01.2025ж. күні директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Аденова Зауреш Амалбекқызының ұйымдастыруымен 8-9-сынып оқушыларына жиын өтті. Оқушылардың оқу-тәрбие сапасын арттыру, жақсы нәтижелерге қол жеткізу жолдары мен әдістерін анықтауға арналған жалпы жиналыста оқушылардың тәртібі, сабаққа қатысуы, қазақ отбасындағы ұл бала мен қыз бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды. Оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді. жиын соңында "Аптаның Ең үздік оқушысы" және "Аптаның ең үздік сыныбы" марапатталды.

