20
январь
2025
Бірлік пен бейбітшілік- ортақ мүддеміз” тақырыбында ашық сабақ
Бүгін 11”В” сынып оқушыларымен “Бірлік пен бейбітшілік- ортақ мүддеміз” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушыларға бейбітшілік пен бірлікті сақтаудың маңызын түсіндіріп, оларды елге деген сүйіспеншілікке, қоғамға қызмет етуге баулу;
Белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану, сөздерді сұрыптай білу;
Сабақ барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет алып, нақыл сөздерін байланыстырып тапсырмалар орындады.
1. Әр жерде болып жатқан қақтығыстардың себептерін қалай түсіндіресіңдер? Соғыс кімдер үшін тиімді?
2. ”Халқының бейбіт өмір сүруі басшысына байланысты” деген пікірге қалай қарайсыңдар? деген сұрақтар аясында пікірталас өтті.
Сабақ нәтижесі: Оқушылар - өзара құрмет, достық пен келісімді сақтауға өз үлестерін қосу жолдарын үйренді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Т. Алдабергенова