🌏ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯСЫ БОЙЫНША СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты "N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сенбілік жұмыстары өткізілді.
Таза Қазақстан акциясының мақсатты-тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты нығайту. Экологиялық сауаттылықты арттыру мен қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, айналаны қоқыстан тазарту, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған. Мектебіміздің ауласына оқушыларымыз тазалық жұмыстарын жүргізіп, бірнеше шырша көшеттерін отырғызып, өз үлестерін қосты.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында алдағы уақытта мектеп ауласын абаттандыру жұмыстар атқарылатын болады.
Тазалық шарасына сіздерді де үлес қосуға шақырамыз!